30 сәуірде Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады
Фото: depositphotos.com
Алматыда 30 сәуір күні сағат 11:00-де қала бойынша жер сілкінісі жаттығуы өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, осы уақытта қалада ескерту жүйесі мен дабыл жүйелері қосылып, телеарналардарда хабар таратылады, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы ақпарат жіберіледі.
Дыбыстық дабыл төтенше жағдай немесе қауіп-қатер туындаған жағдайда халыққа нұсқаулық беру үшін беріледі. Дабылды естіген соң тұрғындар теледидарларды, радиоларды қосып немесе интернет-ресурстарға кіріп, одан әрі нұсқауларды алу қажет.
Жаттығу басталғанға дейін азаматтар дабыл сөмкесін дайындап, өзіне жақын орналасқан қауіпсіз ашық алаңға бару жолын анықтауы қажет. Алматыда 384 қабылдау пункті дайындалған. Олардың тізімі 2ГИС картасында және Алматы қалалық ТЖД мен әкімдік ресми сайттарында қолжетімді.
"Одан әрі нұсқауларды алу үшін қолжетімді ескерту құралдарын пайдалану (дабыл сөмкесіндегі радиоқабылдағыш, мобильді қосымшалар және т.б.) қажет. Жаттығу жоспарлы түрде өтуде, азаматтардан тыныштық сақтап, белсенді қатысуын сұраймыз", – делінген ТЖД хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты "дабыл чемоданын" жинап қоюға шақырған еді.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
