"30 миллион теңге бердім": Блогер Дархан Жолшыбеков өміріндегі ең қомақты сыйлықты кімге бергенін айтты
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков үш миллионнан астам оқырманы бар Нұрдәулет Бектұрсынның (NNN) туған күніне 30 млн теңге сыйлыққа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен ешқашан отыз миллион теңгені туысым емес адамға сыйлаймын деп ойлаған емеспін", – деп өз қобалжуын Дархан оқырмандарынан жасырмады.
Сері жігіт бұл ақшаны маңдай терімен тапқан. Енді сол табысын өзіне бір кездері ақыл-кеңесін айтып, әлеуметтік желіні дамытуға бағыт-бағдар берген досы NNN-ге сыйлыққа берді.
"Біздің үйіміз бар. Бірнеше бизнес ашып үлгердік. Әу баста бәрін үйретіп, бағыт көрсеткеніңе рахмет. Мынау ақша саған сыйлыққа. Үй алуға қосқан үлесім болсын" деп ақ тілегімен досының қолына бір қорап ақшаны ұсынды.
Алғашқыда блогер Нұрдәулет сенбей әзіл деп қабылдады. Алайда, шын екеніне көзі жеткен кезде: "Достардың арасында ақша жүрмеу керек. Өзіңе де еселеніп оралсын", – деп алғысын білдірді.
Кезекті қалжың болуы мүмкін деп күткен Нұрдәулет Дарханнан ешқандай да хабар болмағандықтан, 30 млн теңгені анасының жинақ счетіне салып тастапты. Блогер Нұрдәулет болашақта Дарханның сыйлығына тағы да ақша қосып, үй сатып алуға ниетті екен.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
