Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 минут жүгіру немесе 10 000 қадам жүру: Зерттеушілер салмақ тастаудың тиімді жолын ұсынды

Мінсіз дене пішінін сақтау үшін күніне кемінде 10 000 қадам жасау керек деген ереже бар. Дегенмен мамандар қадам санына емес, жаттығу уақытына назар аударса, салмақ тастауға және жүрек ауруының қаупін азайтуға тиімді екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

АҚШ-та Бостондағы Brigham and Women's Hospital зерттеушілері денені сақтап тұру үшін белгілі бір уақыт жаттығу жасау тиімді ме әлде белгілі қадам санын жасау маңызды ма деген сұраққа жауап алғысы келді. Ол үшін 62 жастан асқан 15 000-ға жуық әйелдің төрт жылдық деректерін зерттеді. Эксперимент 2018-ден 2022 жылға дейін жалғасты.

Әрбір әйел қанша жүргенін есептеу үшін фитнес-трекер тағып, жыл сайын денсаулығына қатысты деректерді жазып отырды.

Тәулігіне 8000-8500 қадам жасағандарда 3000 қадам жасағандармен салыстырғанда жүрек ауруының қаупі 40% төмендеген. Күніне 75 минут жаттығу жасайтындарда да нәтиже сондай болған.

Зерттеушілер 10 000 қадам ережесін жоққа шығарып, жаттығудың міндетті уақыты немесе қадамы жоқ екенін айтты.

Brigham and Women's Hospital медицина бөлімінің зерттеушісі Рикута Хамая кей адамдар 10 000 қадам орнына теннис, футбол,  жүгіру сияқты спорт түрлерімен айналыса алатынын атап өтті. Ал велосипед айдау немесе жүзу кезінде уақытты есептеу маңызды дейді.

62 жастан асқан 14 399 әйелдің денсаулығы жақсы болып шықты, яғни оларда жүрек ауруы немесе қатерлі ісік жоқ. Қатысушылардың орташа жасы 72 болды.

Зерттеу барысында 2011 және 2015 жылдар аралығында әрбір әйел ұйықтап жатқанда немесе душ қабылдағанда фитнес-трекерді жамбастарына тағып жүруі керек еді. Олар темекі не ішімдік ішкен сәттерін, бойы мен салмағын, менопауза, жеке және отбасылық ауру тарихы сияқты денсаулық мәліметтерін жазып отырды.

Орташа алғанда, қатысушылар аптасына 62 минут жаттығу жасаған және күніне 5 183 қадам жасаған. 2022 жылға қарай қатысушылардың 9%-ы қайтыс болып, 4%-ы жүрек ауруына шалдыққан.

Әйелдер жаттығуға немесе жасалған қадамдар санына қанша минут бөлгеніне байланысты пайыздық көрсеткіштерге бөлінді.

Зерттеу соңында әйелдер 4 топқа жіктелді. Жаттығуға шамамен 200 минут жұмсаған немесе 8000-8500 қадам жүргендерде 12 минут жаттыққан немесе 2800-3000 қадам ғана жүргендерге қарағанда жүрек ауруы мен өлім қаупі 40% төмен болған. Яғни осы зерттеуге қарап, егде жастағылар қадам санын немесе уақытқа қарап, физикалық жаттығулармен айналыса алады және екеуінің тиімдігі бірдей. 

Талқылау