30 мың теңге тонағысы келген: Саран қаласында сатушы қызды өлтірген ер адам екі айға қамауға алынды
Қарағанды облысындағы Саран қаласында 27 жастағы сатушы қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Сот азық-түлік дүкенінің сатушысын 30 мың теңге үшін өлтірді деп күдікке ілінген 50 жастағы ер адамды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді. Ер адам қызды бірнеше рет пышақтап өлтірді деп айыпталып жатыр.
Қаскөй ешбір елдің азаматы емес, үйленген және Қарағандыдағы белгілі бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікте құрылыс мамандығы бойынша жұмыс істейді.
50 жастағы күдіктінің мүддесін қорғайтын адвокаттың қызметін мемлекет төлейді, өйткені оның жеке адвокатқа ақшасы жоқ. ⠀⠀
Айыпталушы оның өлтіру ниеті болмағанын айтты.
Күдікті өлтіру ниеті болмағанын тек сатушыны қорқытқысы келетінін айтты. Сөзінше, ол қыздан қарсылық танытады деп күтпеді.
22 қаңтарда ер адам таксимен Қарағандыдан Саран қаласына келген. Бірақ таксидің жол ақысын төлеуге ақша болмады. Содан кейін ол ақшаны әкеліп, телефонды қайтарып алуға уәде беріп, ұялы телефонын уақытша тастап кеткен. Ол телефонын қайтарып алу үшін дүкенді тонамақ болған. Дүкенде күзет болмаған.
Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.