"30 мың доллар беріп жіберген": Алматыда зейнеткер телефон алаяқтарына алданып қалды
Алматыда зейнеткер телефон алаяқтарына алданып, 25 мың доллар мен 5 мың еуро ақшасын беріп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Алматы полициясының мәліметінше, алаяқтар зейнеткерге телефон шалып, қызының жол апатына түскенін айтқан. Зейнеткерге қатысты алаяқтық ісінде екі сыбайлас бар. Қылмыскерлер әлеуметтік желі арқылы 35 жастағы әйел мен 23 жастағы жігітті курьер ретінде жалдаған.
Алаяқтар егде жастағы әйелді ақшаны беруге көндіргеннен кейін, ақшаны курьерге беріп жіберуді талап еткен.
"Зейнеткерден ақшаны алуға бірінші болып 1988 жылы туған азаматша Д. келген. Оған зейнеткер соманың бір бөлігін беріп жіберген. Біраз уақыттан кейін тағы бір курьер 2000 жылы туған азамат М. келген. Ол әйелден үш мың доллар және бес мың еуро алған. Оны полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады. Тінту кезінде одан зейнеткер берген ақшадан бөлек, 3,5 миллион теңгеге жуық ақша табылған, белгілі болғандай, ол ақшаны осыған ұқсас алаяқтықтың құрбаны болған екінші бір зейнеткерден алып келе жатқан", – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов.