Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 желтоқсанда еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды

3 желтоқсанда еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды. Кей жерде көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қатты дауыл соғады: Нұр-Сұлтан мен 4 облыста дауылды ескерту жарияланды
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда түнде көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ақмола облысының шығыс жартысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың шығыс жартысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел жылдамдығы батыста, солтүстікте, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, таулы аймақтарда екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістанда түнде және таңертең шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының шығыс жартысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың шығыс жартысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда таңертең және күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда түнде көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Талқылау