3 жасар бүлдіршін өзін құтқарып қалған донор-бойжеткенді тойына құттықтап барды
3 жасар Cкaй Caвpeн-Maккopмик донор құтқарушысының арқасында аман қалды. Дәрігерлер оның он мүмкіндіктің бірінде ғана өмір сүруі мүмкін деген еді.
Бүлдіршін сүйек майын алмастыруға келіскен донор қыздың арқасында аман қалды. Кейін құтқарушысының тойына барды.
Тойға келгендер кішкентай қыздың тағдырын естіп, көзіне жас алды. Бұл сәт тойы болып жатқан қалыңдықты да қатты толқытты. Ол өз тойында Скайдің болғанына шын қуанды.
Скай созылмалы миело-цитотикалық лейкемия деген дертпен ауырды. Бұл дертке шалдыққан балалардың 1-2%-да кездеседі.
Күн сайын қызға қан ауыстырып тұрды. Ол 10 ай ауруханада жатты. Оған дереу сүйек майын ауыстыру керек болды. Оған сай келетін донор табыла кетіп, ота жасалды.
26 жастағы Xeйдeн Paйeлc Алабама тұрғыны. Ол колледжде оқып жүргенде донор болуға келіскен еді. Бір жылдан соң бүлдіршінге келетін жалғыз донор екенін біледі. Сүйек майын ауыстыру жұмбақ күйде жүретіндіктен Хэйден Скаймен кездеспеген еді. Бірнеше уақыттан соң бойжеткен балақайға хат жазып хабарласты. Осылай таныстық басталды.
Скайдың отбасы мен Хэйден донорлық орталықтан телефон нөмірлерін сұрап, жақын танысады. Бойжеткен тойына бірнеше ай қалғанда балақай Скай мен ата-анасына шақырту береді.
“Скай Хейденнің өзін құтқарып қалғанын түсінетін жасқа жетпесе де, ол қыздың өзіне жақын адам екенін біледі”, – дейді анасы Taлия Caвpeн-Maккopмик.
Кез келген адам донор бола алады. Осылайша бір адамның өмірін құтқарып қалуға болады. Бұл ерлік жасамай-ақ біреуге көмектесудің жолы.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.