3 тамыздан бастап FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу ақылы болады
3 тамыздан бастап FlyArystan ішкі және халықаралық рейстеріне тіркелу ақылы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның хабарлауынша, FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу үшін ақша төлейсіз. Бұл қызметті алдын ала сатып алсаңыз — 5 000 теңге, ұшар алдында төлесеңіз — 10 000 теңге.
Ал алдын ала онлайн тіркелсеңіз - тегін.
"Уақытыңызды үнемдеңіз және аз уақытта отырғызу талоныңызды басып шығарыңыз. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстер үшін әуежайда тіркелу ақылы", – деп ескертті компания.
Талқылау