Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3-сыныптағы нота дәптерім сақтаулы": Мөлдір Әуелбекова алғаш сахнаға шыққан фотосын көрсетті

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш сахнаға шыққан кезін еске алды. Ол жеке парақшасына видео жүктеп, баспасөз бетіне шыққан фотолары мен сұхбаттарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Әншінің бағын ашқан – Super Star KZ жобасы. 

“Анам мен сахнаға шыққан күннен бастап барлық мен туралы жазған газет-журналды жинаған. 3 “ә” сынып оқығанда қолданған нота дәптерім де сақтаулы. Қазір танымал әншілердің бағын ашқан Super Star KZ жобасы да біраз жазылып еді. Ол кезде инстаграм жоқ. Осыдан 20 жыл бұрынғы сұхбаттарымды көрдім. Түрім де – бала. Қалың кекілім бар. Қайрат Түнтековтің жеңімпаз болған кезінде бәріміз бірге “суперстарлықтар” болып фотоға түскен едік. Солардың арасынан 1-2 досымыз о дүниеге аттанып кетті. Қазір трендтен түспей тұрған “Барби” образын мен 20 жыл бұрын жасап тастаппын”, – дейді әнші. 

Өнер иесінің оқырмандары әншінің қай уақыттан бері танитынын жарыса жазып жатыр. “ Суперстар” көремін деп мектептегі дискотекаларға бармай қалатынмын”, дейді бір оқырман. “Расулға ғашық болып, сыртында соның фотосы бар қалың дәптер сатып алатынбыз” дейді енді бірі. “Анаңызға рақмет архив сақтаған” деп оқырманы әншінің анасын да назардан тыс қалдырмады. 

Еске салайық, әнші жақында үйлі болып, ата-анасынан бөлек тұрып жатқанын айтқан болатын.

Талқылау