Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3 метрлік қоршаудан секіріп өткен": ҚХДР тұрғыны Оңстүстік Кореяға қашқан

Солтүстіккореялық ер адам үш метрлік қоршаудан секіріп Оңтүстік Кореяға кірген. Бұған дейін ол КХДР-дің ең қатты қорғалатын аумағына белгісіз тәсілмен енген. Ер адам қараша айының басында қашқан, бірақ ол туралы қазір ғана белгілі болған. Қашқын бұрын гимнаст болғанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Renhap ақпараттық агенттігі мен Korean Herald газетінің хабарлауынша, оны 3 қарашада екі ел арасындағы қарусыздандырылған аймақты кесіп өтіп, шекарадан бір шақырым жерде 14 сағаттан кейін Оңтүстік Корея әскерилері ұстаған.

Оңтүстік Корея билігі оның қашу себептерін тексеруде. Сөздерінің шынайылығына көз жеткізу үшін биік дуалдан екі рет секіріп өтуді сұраған, деп жазады The Korean Herald.

Егер ол іс жүзінде осындай жолмен қашып кеткендігі анықталса, онда бұл таңқаларлық жағдай, өйткені Солтүстік Корея әскери күштерінің назарынан тыс қалып, демилитаризацияланған аймақтағы минаның біріне де түспеген. Бір қызығы, қоршаудағы анықтау сенсорлары да жұмыс істемеген.

Бұған дейін Сеул қауіпсіздік жүйелерін бұзудың бірнеше жағдайынан кейін шекарада бақылау шараларын күшейту туралы шешім қабылдаған болатын. Белгілі болғандай, Қарулы Күштердің өкілі сенсорлардың жұмысын тексеруге уәде берді.

Жыл сайын Солтүстік Кореядан орта есеппен мыңға жуық адам қашады. Көбінесе олар Қытайға қарай, таулар мен өзендер арқылы баратын қауіпті жолды таңдайды.

Содан кейін олардың көпшілігі Оңтүстік Кореяға жіберіледі, онда Солтүстік Кореядан келген босқындарға қамқорлық жасайтын арнайы бағдарламалар бар.

Талқылау