Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3 костюмге 1000 адам таласып жатыр": Сәкен Майғазиев мүшел жасқа толғанына орай киімдерін таратты

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев мүшел жасқа толып, жаңа жылмен қатар келген туған күнін тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша, мүшел жасқа толғанына орай киімдерін тыңдармандарына бөліп бермекші. 

“Ассалаумағалайкум, асылдарым! Баршаңызға Алланың нұры жаусын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік, отбымыз аман, төңірегіміз түгел, жақындарымыз жанымызда болсын. Ақ жүрегіммен екі дүниенің жақсылығын тіледім. Құттықтауларыңызға алғысым шексіз.
Бізге не тілесеңіздер Алла тағала сіздерге еселеп қайтарсын. 
Мүшел жасыма байланысты 3 костюм сыйлаймын деген уәдемді бүгін орындайын. Қаншама жандар неше түрлі ойын шарттарын ұсынды. 800-ден аса пікірден бөлек, мыңға жуық тыңдарман "Маған сыйға тартыңыз", "Балам өнерге ынтық, өскен соң киер", "Кимесек де естелік болып қалсын", "Тура менің өлшемім екен, мен алайын", деген сынды 500-ге тарта хабарламалар келіп түсті. Көлдей көңілдеріңізден айналып кетейін. Бұдан бөлек сахналық емес, күнделікті киетін киімдерімді бір-екі досыма бермекпін. Тағы қайталап айтайын, мүшелден шықсам да, мүшелге кірсем де бір Аллаға сыйынып, бір Аллаға тәуекел етіп, бір Алланың тағдырына иман келтірген жанмын. Мүшелден мүшелге аман-есен жете беріңіздер. Алла тағала бар жақсылықты нәсіп етсін. Бәріңізді құшақтадым”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары сүйікті әншісіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.  

 

Талқылау