"3 бөлмелі пәтердің құны": Гүлзира Айдарбекова су жаңа көлігін көрсетті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында өте қымбат тұратын көлігін көрсетті.
“Өміріміз оза берсін, көлігіміз тоза берсін. Лүпіл басқан оқырмандарыма жұғысты болсын”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары көлікті қызу талқыға салды.
“Біз де Гүлзираның жолымен жүрейік”, “Қазақстанда 38 миллион теңге тұратын машина екен”, “Сусабын сатып, алған ақшасы шығар”, “Ақтауда 3 бөлмелі пәтер келеді”, “Машинаны келіндеріне берсе де болады”, “Жұлдызбен араласпай, ол қымбат көлік мінбей кетті”, – деп жазды көпшілік.
-
"Бәріне ақша мен көлік керек": Гүлзира Айдарбекова ұлының қымбат киімін ұтысқа тікті
-
"Құны 50 миллион теңге": Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды
Айта кетейік, продюсер ескі көлігін 25 миллион теңгеге сатқанын жазған едік.
“2018 жылы салоннан алғанмын. Бәрі осы көлікке құмар. Нұрекең де, балалар да күшті машина айдап жүр. Бірақ менің көлігіме құмар. Айдап кете береді. Алыс жолға осымен шығамыз. Енді Нұрекең “жаңа көлік әперем” дейді. Енді ысырап болмасын деп сүйікті көлігімді сатқым келеді. 7 жылдың ішінде бұзылмады, жолда қалдырмады. Бағасы 25 миллион теңге деп отырмын. Қолма-қол болса саудасын келістіреміз”, – деп жазды продюсер.
"16 жерінен пышақтап, сойып тастаған": Алматы облысында әкесі 15 жастағы қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді