Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 бала ауыр жараланды: Ер адам балтамен оқушыларға шабуылдады

Қытайда балта ұстаған ер адам оқушыларға шабуылдады, деп хабарлайды КТК.

Оқиға Пекин қаласында болды. 49 жастағы ер  адам оқу ордасының техникалық қызметкері болып шықты. Қызметкер осылайша басшылығынан кек алмақ болған. Басшылық онымен келісім шартты бұзғанына ерегесіп, осындай қадамға барған.

Қызметкер мектепте уақытша келісім шарт жасасып, техникалық жұмыстар атқарған. Оның жұмыс уақыты қаңтар айында тоқтатылатн болған. Оқу мекемесінің басшылығы онымен келісімді ұзартудан бас тартады. Бұған ашуланған ер адам кегін оқушылардан алмақ болған.

Қызметкер басшылығымен сөйлескен соң балта алып, үзіліс кезінде оқушыларға тап берді. Одан 20 оқушы зардап шекті. Оның 3-уі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен оқушыларға бірнеше ота жасады.

Қылмыскерді полицейлер ұстады. Полицейлер қазір өзге де мән-жайды анықтап жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Қаңтар, 2019 21:37
Талқылау