Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3 айда мақсатқа жеттік": Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жұбайы қуанышты жаңалығын жариялады

Жастар арасына ерекше даусымен танылған зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың экс-жұбайы жақсы жаңалықты жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: https://www.instagram.com/mr.kenjebek_jamila/

Әншінің бірінші некесінен Сабыр есімді ұлы бар. 

“Бағдарлама жүргізушісі мен заңгердің арқасында сотта жеңіп шықтық. Ұлымның әкесіне қойған талаптары толығымен заң аясында жүзеге асады. Біз сотта жеңдік. 3 ай бойы жүгіргеніміздің нәтижесі шықты. Енді заң бойынша ол кісі алимент төлейді. Бұл – әке міндетін орындамайтын адамның барлығында болатын жағдай. Сондықтан ұят тірлік жасадым деп ойламаймын. Осы күнге дейін маған тілеулес болған жандарға мың алғыс”, – деп жазды Жәмила. 



Еске салайық, бағдарлама барысында жұлдызды әке ДНҚ тапсырған еді. ДНҚ нәтижесі бойынша әнші мен кішкентай нәрестенің қан сәйкестігі – 99,97 пайыз. Алайда өнер иесі екінші рет Мөлдір есімді арумен шаңырақ көтеріп, бірінші отбасына оралмайтынын айтты.  

 

Талқылау