3-5 күн: Мемлекеттік қызметкерлер журналистердің сұрауларына тезірек жауап беруге міндеттеледі
Мемлекеттік қызметкерлердің журналистік сауалдарға жауап беру мерзімі бір аптадан үш-бес күнге дейін қысқартылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда мәлімдеді.
"Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша заңға басқа да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеп жүрген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді", – деді министр.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн