Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогердің тойын тікелей эфирден 50 мың адам тегін тамашалады

Артур блогер той жасады

Фото: Видеодан скрин

Арчи лақап атымен танымал 28 жастағы блогер Артур Асқарұлы мен оның қалыңдығы Замира Саидова өткен демалыста дүркіретіп тойын өткізді. Жас жұбайлардың тойын тікелей эфирден 50 мыңнан астам адам тамашалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Артур мен Замираның тойы тікелей эфирде тегін өтті. Тойда Роза Рымбаева, “МузАРТ”, “Дос Мұқасан” сияқты қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетті. 

Блогер өзінің Instagram парақшасында беташар рәсімінен видео жариялады. Қонақтар беташар кезінде 22 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ақша салған.

“Көп ақшаны” қоспағанда 3 012 000 теңге түсіпті, ағайын”, “Арман мен Талғат 20 мың теңгеден шығарды ма?”, “Осындай достарым болса, арманым жоқ”, “Мына беташардан кейін салық  комитеті халық бай екен деп ойлайды”, “Осындай қонақтарды қайтан тапсам болады”, – деп жазды желі қолданушылар.

Бұған дейін Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде өткізіп, эфирді 1380 теңгеге сатқан еді. Әділет пен Адияның тойын 8743 адам жабық арнада көріп, жалпы 12 миллион 65 мың 340 теңге жиналды.

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 11:54
Талқылау