Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2GIS қосымшасы арқылы аңдыған: Атырауда алғаш рет сталкинг бойынша сот шешімі шықты

Атыраудағы сталкер

Фото: АқЖайық

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында сталкинг бойынша айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “АқЖайық” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

5 қыркүйекте сотталушы жәбірленушінің үйіне жақындап, кіреберіс есікті жұлып алып, терезені қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Кейінірек әйелдін бақылау үшін ол 2GIS қосымшасы арқылы оның кәмелетке толмаған балаларына достыққа шақыру жіберіп, ұлының қайда екенін бақыламақ болған", – делінген хабарламада.

19 қыркүйекте мас күйінде сотталушы жәбірленушінің үйіне оралып, ашық аулаға кіріп, терезелерге қарады.

Сот отырысы кезінде прокурор 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын сұрады. Жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды талап етіп, моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап арыз берді. Сотталушы кінәсін ішінара мойындады.

Сот жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар және басқа да іс материалдары негізінде сотталушының кінәсі дәлелденген деп тапты. Ер адамның әрекеттері заңсыз қудалау ретінде жіктелді.

"Сот үкімімен азамат К кінәлі деп танылып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сондай-ақ оған моральдық зиян үшін 400 000 теңге және өкілінің қызметтеріне кеткен шығындарды жабу үшін 200 000 теңге төлеу міндеттелді", – деді судья.

Бастапқыда полиция оқиғаны ұсақ бұзақылық деп бағалады, ал әкімшілік сот құқық бұзушыны 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Алайда жәбірленуші қосымша дәлелдер келтірді, содан кейін іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы "Қудалау" бойынша қайта жіктелді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда сталкинг бабы бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 27 Желтоқсан, 2025 08:51