Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2ГИС қосымшасы App Store сервисінен өшірілді

2ГИС картографиялық сервисінің қосымшасы App Store-дан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

айфон

БАҚ мәліметінше, оны іздеуде, сондай-ақ сатып алу тарихында табу мүмкін емес. Қосымшаның ресми түрде неге жойылғаны белгісіз.

Дегенмен бұрын орнатылған қосымша жұмыс істей береді. Ақпараттар күнделікті жаңарып отырады, сонымен қатар қалаларды да жүктеуге болады.

Алдағы уақытта веб-нұқасын iPhone-дағы мобильді браузер арқылы қолдануға бейімдемек. 

Бағдарлама АҚШ-та санкция тізіміне енгізілген Сбербанкке тиесілі.

2ГИС – 1999 жылдан бері қала карталарымен аттас электрон анықтамалықтарды шығарумен айналысатын халықаралық картографиялық компания.

Талқылау