283 миллион теңгеге арзандаған: Мәсімовтың тәркіленген элиталық қонақүйі тағы да аукционға қойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі тәркіленген элиталық қонақүй қайтадан аукционға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Мемлекеттік электронды сауда алаңында жарияланған хабарламаға сәйкес:
"Астана, Нұра ауданы, Қараөткел шағынауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй; сауда түрі – бағаны көтеру бойынша аукцион (2025 жылғы 17 қаңтардан бастап); бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге; кепілдік жарна – 117 960 000 теңге; саудаға өтінім қабылдау 13 мамыр сағат 09:00-ге дейін; аукцион басталуы – 2025 жылғы 13 мамыр, сағат 11:00", – делінген хабарламада.
Аталған қонақүй ақпан және наурыз айларында да аукционға қойылған, алайда сатып алушы табылмаған. Бұл жолы бастапқы баға төмендетілген – бұған дейінгі бағасы 1 883 338 958 теңге болған. Осылайша, қонақүйдің бағасы 282 500 843 теңгеге ғана арзандаған.
Павлодар облысында ескі мектеп ғимараты аукционда бір бөлке нанның бағасына сатылған
Еске салайық, бұған дейін 10 ақпанда өндірілген активтерді басқаратын компания Мәсімовтың Астанадағы үйін 1,8 миллиард теңгеге сатуға қойған еді. 25 ақпанда алғашқы аукцион өткізіліп, Кәрім Мәсімовтің үйі сауда-саттықтың бірінші сатылымында өтпей қалған. ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған. Кәрім Мәсімовтің 18 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
