Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"28 жыл жұмыс істедім, бірақ мұндай сұмдықты өмірімде көрмедім" - Елордалық дәрігер сұхбат кезінде жылап жіберді

Нұр-Сұлтандағы қалалық жұқпалы аурулар орталығы директорының орынбасары және денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева жансақтау бөліміндегі жағдай туралы "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігер өзінің және әріптестерінің 28 қаңтардан бастап жұмыс істеп жатқанын айтты. Осы уақыт ішінде олар үйіне мүлдем бармаған. 

Оның айтуынша, пандемия жағдайында жұмыс істеген алғашқы күннен бастап стационар ешқашан жартылай бос болмаған екен. Бірақ соңғы аптада жағдай одан да ушығып кеттіпті.

"Біз көптеген пациенттерді ғана емес, көптеген ауыр науқастарды да көрдік. Яғни, қазір стационардағы барлық пациенттердің 95 пайызы – бұл пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі бар пациенттер. Оттегі қолдауын қажет ететіндер. Біздің реанимациялардың бәрі толып тұр", - деді Сәуле Атығаева.

Оның айтуынша, дәрігерлер күн сайын оттегі жетіспейтін, тұншығып жатқан ауыр науқастарды көреді, ал олардың кейбірі көз жұмады. Мұны айтып тұрып жұқпалы аурулар орталығы директорының орынбасары жылап жіберді.

"28 жылдан бері жұмыс істеп келемін, бірақ мұндай сұмдықты өмірімде көрмедім. Көз алдыңда адам көз жұмады, адамдардың көбі ештеңе ойламағандықтан, көшеге шығып, қонаққа барып, бір-біріне жұқтырғанынан көптеген адамдар өледі. Бұл өте қиын. Киім ауыстырамыз, "лас" аймаққа кіреміз – онда басқа өмір. Мүлдем басқа өмір. Және ол қорқынышты. Бізді "итальян сценарийін" айтады деп айыптайды, бірақ бұл шынымен де солай. Бұл өте қиын, маған сеніңіздер. Біз дәрі-дәрмектерге, антидепрессанттарға байланып отырмыз, өйткені біз төрт ай мынадай режимде басқа ешнәрсе істей алмаймыз. Бұл нағыз тозақ. Бұл өте қорқынышты, расымен", - деді ол.

 

 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Маусым, 2020 07:31
Талқылау