Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы 3,5 теңгеге төмендеді

Қазақстанда доллар арзандадыФото: pixabay.com

28 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 541,45 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл көрсеткіш жұма күнгімен салыстырғанда 3,5 теңгеге төмен.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа валюта бағамдары төмендегідей:

•    доллар: сатып алу – 542-543 теңге, сату – 544-545 теңге;
•    еуро: сатып алу – 633-635 теңге, сату – 636-638 теңге;
•    рубль: сатып алу – 6,73-6,75 теңге, сату – 6,83-6,85 теңге.

ICE биржасындағы қыркүйек айындағы Brent маркалы мұнайдың фьючерстік бағасы 1 баррель үшін 69,1 долларға тең.


Теңге тағы құнсыздана түсті


Labubu ойыншығын шығаратын компанияның нарықтық құны "ҚазМұнайГаздан" екі жарым есе асып түсті


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда көше бойындағы ғимараттардың қасбеттерінен валюта бағамдары көрсетілген баннерлер алып тасталатынын жазған едік. Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатта айырбастау пунктерінің сыртында шетел валютасының сатып алу және сату бағамдары туралы ақпарат орналастыруға тыйым салу ұсынылған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 16:13
Талқылау
`