Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 қазаннан бастап БАӘ, Беларусь, Германия және Украинаға рейстер қысқарады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қандай елдерге рейстер қысқаратынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

"Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы 26 қазаннан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны:

1) Біріккен Араб Әмірліктері - аптасына 8 рейске;

2) Беларусь – аптасына 5 рейске;

3) Германия – аптасына 2 рейске;

4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: (термометрия, әлеуметтік қашықтық, беитперде кию, ПТР тестінің және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.

Бұған дейін Қазақстанда 26 қазаннан бастап шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқаратыны хабарланды.

Талқылау