Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2500 адам 3 күн тоқтаусыз атыса алады": Қарин қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жайлы айтты

Қаңтар оқиғасы кезінде президент Ақордада бірнеше апта бойы қонып жұмыс істеді. Себебі мемлекеттің тұтастығы мен егемендігімізге үлкен қауіп төніп тұрды. Ал қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың басым бөлігі әлі табылған жоқ. Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінен

"Қаңтар оқиғасы кезінде президент көмекшілерімен, командасымен бірге Ақордада бірнеше апта қонып жұмыс істеді. 

Мен алғашқы күндері Маңғыстауда болдым. Сол күндері президент бейне-байланыс арқылы жиналыс өткізетін. Сонда таңғы 6-7-де бізге жиналыс туралы хабар келетін. 

Мемлекеттік тұтастығы қыл үстінде тұрғанына алғашқы күндердің өзінде көз жеткіздік. Себебі бізге шұғыл оперативтік хабарлар келіп отырады. Қарулы топтардың шығып жатқаны, сыртқы жақтан радикалды топтардан үндеудің болғандығы, қарулы джихадқа шақырғандығын көріп отырдық. 

Бұл жағдай әрі қарай өрбігенде, салдары қандай боларын бір Құдай біледі", –  деген мемлекеттік хатшы президенттің шұғыл әрекет етуінің арқасында елдің тұтастығы сақталғанын ашып айтты. 

Сонымен қатар Қарин қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жайлы айтты. 

"3300 қару-жарақ ұрланды. Соның ішінде 2400 қару-жарақ әлі табылған жоқ. 60 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланды. Мұндай арсеналмен 2500 адам 3 күн бойы тоқтаусыз атыса алады.

Ол әлі табылған жоқ. Қандай мақсатпен ұрланды және қандай мақсатпен бір жерде сақталып отыр?" –  деген Қарин мұның күрделі мәселе екенін меңзеді.  

Назгүл Әбушәріпқызы
Дүйсенбі, 28 Наурыз, 2022 14:07
Талқылау