AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"250+". Мемлекет пен бизнестің жемісті симбиозы

Соңғы онжылдықта технологиялық және техникалық прогрестің бір бөлігі ретінде адамдар электронды брондау жүйелерін, мемлекеттік органдардан анықтамалар немесе түбіртектерді алу және балалардың үлгерімін онлайн бақылауды жалпыға ортақ және өте қарапайым құбылыс ретінде қабылдай бастады. Алайда технологияның қарыштап дамыған дәуірінде, өкінішке қарай, қалалар мен ауылдарды цифрлық даму жағынан екі түрлі полюсте қалып қойғандай. 

вышка

Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін тұрғындардың көпшілігіне ғаламтордың қолжетімділігін арттыруға түрткі болған радиожиілікті ортақ пайдалану бағдарламасы әзірленді. Осыған ұқсас әдістер Ұлыбританияда, Швецияда, Францияда, Аустралияда қолданылады, соның арқасында ірі қалалардан шалғай аудандардың көбеюі байқалды. Себебі желілік қамтуды кеңейту бір уақытта көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін ғаламтордың қолжетімділігін арттыруға оң әсерін тигізетін мемлекет пен бизнестің күш-жігері симбиозының негізгі драйвері – "250+" бағдарламасы болды. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының операторлары 250 және одан да көп тұрғыны бар ауылдарда мыңнан астам базалық станцияларды салды. Халықаралық электрбайланыс одағының деректері бойынша 2020 жылы (250+ бағдарламасын іске асырудың бірінші жылы) Қазақстан Республикасының ауылдары мен қалаларында интернетті пайдаланушылардың үлесі бірдей деңгейге – 92%-ға жетті. Бұл орташа әлемдік деңгейден (39%) және Еуропадағыдан (80%) әлдеқайда көп көрсеткіш. Бұдан бөлек, "250+" бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында ауыл тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету жаңа деңгейге көтерілді: 2020 жылғы 84,9%-дан 2021 жылы 90,6%-ға дейін (Ұлттық статистика бюросының зерттеу деректері негізінде). Мұндай оң динамика мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін және реттеуші мен ұялы байланыс бизнесі арасындағы серіктестік деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Дегенмен жерге ғаламтор орнатумен іс бітпейді. Мысалы, Tele2/Altel операторы үш жүзден астам базалық станцияларды әртүрлі тарату түрлеріне – ТОБЖ-дан спутникке дейін орнатып, ғаламторды қосып қана қоймай, олармен белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда. Бұл базалық станциялардың жұмысын қолдауға және қолдануға арналған энергияны көп қажет ететін процестер, үздіксіз талдаулар және талдауға негізделген қосымша параметрлер. Сонымен қатар, Tele2 250+ ауыл тұрғындары үшін Қазақстанда алғаш рет "Туған жер" тарифын шығарды. Осылайша оператор үшін ауылдың дамуына септігін тигізетін ресурстарға абоненттердің еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды болды. Бұл мемлекеттік қызметтер, конференция қызметтері және оқу ресурстары. Ел бойынша он мыңдаған ауыл тұрғындары қолжетімді тарифке қосылды. Тариф іске қосылған уақыттан бір жылдан кейін 250+ елді мекендердегі оператор желісіндегі интернет-трафик 13 миллион гигабайттан асты. 

Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет операторларға шалғай елді мекендерді желімен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуге ынталандыруда. Соның арқасында  тұрғындарды интернетпен қамтамасыз етуде еліміздің әлем бойынша жетекші орынға шығуына мүмкін болып отыр. Дегенмен мемлекеттің белсенді көмегі мен іске асырылып жатқан байланыс операторларын қолдау бағдарламаларының өзінде салаға қаржылық жүктеме тұрғысынан міндет өте күрделі күйінде қалуда. Қажетті инфрақұрылымды құру, әсіресе Қазақстанның күрделі аумақтық-ландшафтық жағдайларын ескерсек, бұл инвестицияны аса қажет ететін жоба екені түсінікті. Tele2/Altel ұялы байланыс операторларының мәліметінше, "250+" ауылдық елді мекендердегі базалық станцияларды пайдаланудың жылдық құны, оның ішінде тасымалдау, электр энергиясы және т.б. төлемдерді қосқанда шамамен 1,5 миллиард теңгеге жетеді. Мұның өзі әртүрлі күтпеген жағдайлар кезінде болатын кедергілер есептемегендегі деректер. 

Сонымен қатар мұндай елді мекендердегі ауыл тұрғындарының ұялы байланыс ақысы 30 пайызға төмен екенін ескерген жөн. Осылайша оператор жыл сайын бағдарлама бойынша шығынға батады. Оған қоса "250+" бағдарламасы бойынша желіні құру және бақылау шығындары өзін-өзі ақтамайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр