Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"250+" қосылған ауыл тұрғындары жарты миллионнан астам сағатын желіде өткізді. Tele2/Altel операторының деректері

Global Digital 2022 интернет статистикасы есебінің авторларының мәліметінше, адамзат биыл 12,5 триллион сағаттан астам уақытын желіде өткізеді!

Бірнеше жыл бұрын мұндай деректер біздің еліміздегі шағын және шалғай ауылдардың тұрғындары үшін таңсық дүние болса, бүгінде “250+” бағдарламасының арқасында (250 және одан да көп адам тұратын SNP үшін байланыс және Интернет) олар осы бір статистиканың артуына үлес қосуда. Tele2/Altel жүргізген талдауға сәйкес, ауыл тұрғындарының жыл басынан бері желіде өткізген уақыты жарты миллионнан астам сағатқа жетті, ал бұл әлемдік трендтермен сәйкес келеді.

Сергей Коньков

"250-ден астам тұрғыны бар елді мекендердің интернет кеңістігіне белсенді түрде енуі ауылдықтардың әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдануымен қатар, банктік және мемлекеттік онлайн қызметтерді пайдалану көрсеткішінің өсуінен байқалады. Шағын ауыл тұрғындарының осындай қызметтерді пайдалануы Tele2/Altel желісінде шамамен 30 мың сағатқа жетті. Мұндай платформалардағы операциялардың  жылдамдығын ескерсек, бұл маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін елді мекендерге келген мобильді интернетті белсенді пайдаланудың жоғары көрсеткіші", – дейді  Tele2/Altel компаниясының бас директоры Сергей Коньков. 

Жалпы алғанда, алты және одан жоғары жастағы желі пайдаланушыларының үлесімен өлшенетін интернетке қосылу деңгейі 2021 жылы елімізде жалпы халықтың 90,9%-ына жетті. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда көрсеткіштердің артқаны анық аңғарылады:: 2020 жылы – 85,9% және 2019 жылы – 81,9%. Сонымен қатар, Global Digital 2022 цифрлық саланың жай-күйі туралы жыл сайынғы баяндамасында осы жылдың басында әлем халқының 62,5%-ы ғана интернетті пайдаланатыны айтылған.

Сергей Коньков

"Интернетпен қамтудың өсуі біздің абоненттердің арқасы екенін анық көреміз. Қазіргі әлемде онлайн-қызметтердің рөлін және интернеттің адамзатқа беретін барлық мүмкіндіктеріне әрбір қазақстандық қол жеткізе алуы үшін желіні дамытудың маңыздылығын түсінеміз. "250+" – қарапайым жоба емес, бұл тұрғындардың көңілінен шыққан жасампаз күш. Біз желі орнатқан ауылдарды үнемі аралап тұрамыз. Желі құрып, арнайы тарифтер ұсынып, ауыл тұрғындары үшін білім беру және әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар әзірлеудеміз. Бұл – біздің бірнеше жыл бойы жүргізіп келе жатқан және одан әрі дамытуды жоспарлап отырған іс-шаралардың біртұтас инфрақұрылымы", – деп қосты Сергей Коньков. 

Талқылау