Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"250 гектар аумақ жанып кеткен": Семейдегі алапат өрт сөндірілді

Семейдегі орман өрті толық сөндірілді. 250 гектар аумақты жалмаған өртпен 400-ге жуық өрт сөндіруші тәулік бойы арпалысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Желдің екпінімен өрт төңірекке тез таралған. Өскемен, Бородулиха мен Бесқарағай аудандарынан қосымша өрт сөндірушілерді шақыртуға тура келген.

Мамандар орман өртінен аң-құстың зардап шекпегенін жеткізді. Қазір тілсіз жау толық сөндірілгенімен, алқап әуеден тікұшақ арқылы бақылануда. Қарағайлы орманға найзағай түсіп өртенгені анықталды.

“Дәл қазірг өрт толығымен бақылауымызға алынды. Ешқандай қауіп жоқ. Өрт мөлшерлі 250 гектарға жуық аумақты қамтиды”, - дейді "Семей орманы" резерватының табиғат кешендері мен объектілерін қорғау бөлімінің қызметкері Мұхтар Мәди.

Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі қорық аумағында алапат өрт шыққаны туралы хабарланған болатын.

Талқылау