250 адам жұмыссыз қалады: Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауыты жабылмақ

Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауыты жабылмақ. Ол жабылса, 250 жұмысшы, жұмыссыз қалады. Зауыт жұмысшалары осыны айтып, мәселеге биліктің араласуын талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды. 

зауыт

Бүгін кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Жиырма жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан зауыттың жабылуына қарсы. Олар зауыт жабылса жұмыссыз қаламыз деп қауіптенеді. Көпшілігі отбасының жалғыз асыраушысы. Несиемізді де жаба алмай қаламыз дейді.

"Кеше естідік зауытты жауып, Өзен қаласына көшіру туралы. Зауыт жаппасын, ешқайда көшірмесін. Менде бар кредит мына халықта да бар. Менде бар ипотека мына халықта бар. Көмек керек. Шенді ағалар аралассын", - дейді зауыт жұмысшысы Хайдар Мұстафин. 

"Пенсияға екі жыл қалды. Бұдан бір жыл, жарты жыл қалғандар бар. Қайда барамыз? Бізді кім алады?! Соны мен түсінбеймін. Үстідегілер не ойлайды? Меңімше бұл таза бизнес", - дейді ендгі бір зауыт жұмысшысы Серік Тасеменов. 

Мұнай жабдықтарын жасайтын зауыт, бұл аймақта 2001 жылы ашылған. Ел ішінде оның баламасы жоқ. Өткен жылы отандық нарықтың 97 пайызын өз өнімдерімен қамтамасыз еткендерін мақтанышпен айтады. Қалтқысыз жұмыс істеп келген зауытты жабуға жол бермейміз деп отыр.  

Зауыт басшылығының айтуынша бұл тапсырыс беруші - "Өзен Мұнай Газ" акционерлік қоғамының талабы. Олар тендерге қатысу үшін Жаңаөзенге зауытты көшірмекші. Ол жақта 155 жергілікті тұрғынды жұмыстан қамтуы тиіс. Мұны барлығы тендер талаптары деді.

"Тендер талабы бойынша, мен 155 адамды Жаңаөзенде жұмысқа алып, сол жақта жаңа зауыт салу керекпін. Ал мындағы ақтөбеліктерді не істеймін? Зауыт қызметкерлерін жұмыстан шығарып жіберу керекпін. Ал зауыт Жаңаөзенге көшу керек. Оған Самрұқ-Қазына, Атамекен, Жаңаөзеннің әкімдігі қол қойған", - дейді "Ақтөбе мұнай жабдықтары" АҚ бас директоры Гасал Мусин.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше жаңадан зауыт салуға, 8 млрд 200 миллион теңге тендер қаржысының 80 пайызы кетпек. Ал қалған қаражатпен ірі зауыттың қажеттілігін өтеуде оңай болмайтын секілді. Бұл мәселеге енді ақтөбелік атқамінерлердің де айтары бар. 

"Негізі экономикалық тұрғыдан да көшіру тиімсіз. Біз әріптестермен сөйлестік. Толығымен қолдау бар. "Самрұқ-Қазына" тарапынан да және "Атамекен" тарапынан да  осы бүгін кешке дейін селекторлық байланыстан кейін бұл мәселеге толық нүкте қоямыз деп ойлаймын", - дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Айта кету керек, бұл келісім-шарттан Ақтөбелік зауыт бас тартса, қомақты қаражат шетелдік компанияларға беріліп кетуі мүмкін. Жылына 7 миллиард теңгеге тапсырыс орындап отырған ірі өндіріс орны толықтай банкрот болуы да бек мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр