Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Базарларда бағасы шарықтаған зімбірдің коронавируспен күресте пайдасы аз болып шықты. Келісі кей өңірлерде 25 мың теңгеге дейін сатылып жатқан емдік шөпті алмастыратын басқа да өсімдіктер бар екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Қазір әлеуметтік желіде біреу білгенін, біреу көргенін, естігенін жарыса жазып, бөлісіп жатыр. Әсіресе, аты жаман індетті жеңу үшін зімбірдің, орысша айтқанша имбирдің пайдасын насихаттайтындар көп. Тиісінше саудасы да қызып тұр. Келісі 3000 мың теңгеден бастап, кейбір өңірде 20 мыңға дейін қымбаттаған.

«Жалпы зімбірдің дәмін қарасақ, шайға бұрыш салып ішіп отырған сияқты дәм шығады. Әрине, антисептик ретінде миркробтарды өлтіруге себебі тиетін шығар. Ащы сарымсақ пен пиязбен қатар жүретін антисептик ретінде тамаққа пайдалануға болады», - дейді халықаралық экология академиясыны президенті Мұсағали Дуанбеков. 

Алайда медицина мамандары бұл пікірмен келіспейді. Зімбір тұнбасы коронавирустан құтқармайды дейді.

«Бірден айтайын, мұндай дәлел жоқ. Зімбір тұнбасы коронавирустық инфекцияны емдейді деген. Алоэның сығындысын аш қарынға жесеңіз, 10 күн, 1 ай қолдансаңыз ағзаға жақсы болады», - деді дәрігер Айнұр Ермекқызы.

Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада, Үндістан, Жапонияда өсетін тропикалық өсімдіктің 80-90 түрі бар екен. Алайда отандық дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр.

«Балға лимонды турап, кептірілген өрікті қолданып, мейізді салуымызға болады. Кімде қан қысымы жоғары көк шайға қосып ішсе болады. Шөптердің ішінде түймедақ, итмұрынның емдік қасиеті бар. Олар дәріханаларда бар», - деді дәрігер Айнұр Ермекқызы.

«Адыраспан саудасы қырылып жатыр жақыннан бері. Бір аптадан бері қырып алып жатыр. Коронавирустан, микробты өлтіреді. Қазір табу қиын. 100 теңге болған, қазір 250 теңге болды», - деді саудагер.

Коронавирус таралғалы адыраспанға да сұраныс артты. Тіпті табылмай жатқан көрінеді. Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың да әр таңы түтін иіскеумен атады екен.

«Анам күн сайын таңертең ерте тұрып сақтық шараларын жүргізуді ұмыт қалдырмайды. Үйдің ішінде адыраспан мен аршаның, неше түрлі иіс мүңкіп кетеді. Табасын алып бөлменің әр бұрышына барып түтінмен жоралғыларын жасайды. Қабығы аршылған пияз бен сарымсақтан көзге жас келеді. Одан қалса, белизна құйып дымқыл шүберекпен әрбір есіктің тұтқасында сүртіп қояды. Коронавирус тезірек кетші, шаршадық сенен. Бәріңе денсаулық тілеймін»,- деді кәсіпкер Айдын Рахымбаев.

Коронавирусқа қатысты ел ішіне тараған  түрлі ем-домдардан денсаулық сақтау министріде хабардар.

«Әрине,  халық медицинасын ғылыми тұрғыда дәлелденбегендіктен, кейбір ем шараларды дұрыс деп нақты айту қиын. Дегенмен дәрігерлердің кеңесіне жүгінген дұрыс. Ең алдымен жүрген жерін, үй-ішін таза ұстап, желдетіп, айтқан тазалық талаптарын сақтағаны жөн», - деді Елжан Біртанов. 

Аты жаман індеттен сақтансаң ғана сақтайды екен. Ендеше, мамандардың сөзін тыңдап, тиісті тәртіпті тыңдағанымыз абзал көрермен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр