Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел белгілі блогер арқылы Қытайдан тонға тапсырыс беріп, алданғанын айтты

Ақнұрым Рүстемова есімді желі қолданушысы TikTok арқылы Қытайдан тон сатқандарға алданып қалғанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.threads.net/@aknura_rustemovna

Жәбірленушінің сөзінше, ол қараша айында анасының туған күніне сыйлық жасамақ болып, блогерлер арқылы тонға тапсырыс берген. 

“2024 жылдың 14 қарашасында әлеуметтік желіден көріп, шубаға тапсырыс бердім. Әсем деген блогер өзі жауап қайтарып, өзі жарнамалайды. Телефонға да өзі жауап беріп отырады. Сосын сеніп, тапсырыс бергім келді. Айтуар Ғалымов деген жігітпен бірге жарнама жасады. Ақшаны аударып алып, екі апта күттім. 11 ақпан күні төрт айдан кейін бір-ақ жауап қайтарды. Тауарды жөнелту енді ғана жасалынды деп жазып жіберді. 28 ақпан күні ақшаны қайтаруға уәде берді. Содан бері хабар жоқ. Мен ғана емес, Instagram-да бірнеше адам алданып қалғанын жазып жатыр. Көтерме бағамен алып беремін деп біраз адамды сан соқтырған сияқты. Осылай әр адамнан 25 мың теңгеден алып отыра бере ме?! Мен де 25 мың теңге аудардым. Не шуба жоқ, не ақша жоқ. Анамның туған күніне сыйлаймын деп ойлаған едім”, – деді Ақнұрым. 



Stan.kz тілшісі әлеуметтік желі арқылы саудасын жүргізіп отырған Әсем есімді блогерге хабарласып көрді. 

“Осы кісінің ақшасы қайтарылған. Оған жағдайды толық түсіндірген едік. Каргомен мәселе туды. 12 мың адамға тон саттық. 10-20 пайызы ғана жетпеген. Адамдардың тауарлары Каргода жоғалып кетті. Біз олардың ақшаларын қайтарып жатырмыз. Бізге де оңай емес. Көп дүниеден ұтылып қалдық. Ақнұрымға ақшасын қайтарып, жазбасын алып тастауды өтінген едік. Бірақ ол әлі алмаған”, – деді ресми өкілі. 

Одан кейін жәбірленуші Ақнұрым Threads парақшасында мәлімдеме жасады. 

“Халқым, осы жазбаны салғаннан кейін ақшамды қайтарды. Бірақ мен төрт ай күттім. Енді төрт айдан кейін жазбаны өшіремін. Артынан қанша жүгірдім. Маған “Ешкімді алдамадым” деп жазып жіберген. Бұрын телефон соқса алмайтын, екі миунтта 10 рет хабарласты”, – деп жазды желі қолданушысы. 

 

Талқылау