Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

25 миллион теңгенің дауы: Қостанайда ғылыми орталық Еуразиялық банктен сотта жеңіліп қалды

Фото: depositphotos.com

Қостанайдағы Ecos technology ғылыми-зерттеу орталығы Еуразиялық банкті шотындағы ақшаны алаяқтарға аударып жіберді деп сотқа беріп, жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зерттеу орталығы банктен заңсыз есептен шығарылған 25 миллион теңгені қайтаруды талап еткен.

Оқиға өткен жылдың 2 тамызында болған. Банк әрқайсысы 12,5 миллион теңгеден тұратын екі транзакцияны клиенттің сұранысы деп қабылдап, жүзеге асырған. Алайда ғылыми орталық бұл операцияларға рұқсат бермегенін мәлімдеді. Кәсіпорынның бас есепшісі өз компьютеріне хакерлік шабуыл жасалғанын алға тартқан.

Аударымдарды тоқтатып, қаражатты қайтару әрекеті де нәтиже бермепті, ақша бірден бірнеше басқа есепшоттарға тарап кеткен. Компания сотқа шағымданды.

Бір айға жуық жүргізілген сот барысында Ecos technology өкілдері бұл жағдай банктің қауіпсіздік жүйесінің әлсіздігінен туындағанын дәлелдей алмады. 

"Тұтынушы құрылғысын басқару мүмкіндігінен айырылған, себебі оның компьютеріне зиянды бағдарлама электронды пошта арқылы енген", – делінген сот хабарламасында.

Басқаша айтқанда, орталықтың қаржы бөлімінің қызметкерлерінің абайсыздығы мен салғырттығы ірі қаржы жоғалуына себеп болған.

Осыған байланысты Ecos technology ғылыми-зерттеу орталығының талап-арызы қанағаттандырылмады. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 19:13
Талқылау