Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 миллион теңге бердім": Қазақстандықтар ерлі-зайыпты блогерлерден Wildberries бойынша курс сатып алып, алданып қалған

Астана тұрғыны желіде бір топ адамның ерлі-зайыпты блогердің Wildberries бойынша курсын сатып алып, алданғанын мәлімдеді. 1 миллион теңгеге курс алған олар "инфоцыгандарды" сотқа бергенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Индира есімді TikTok қолданушысы 25 қазақстандықтың "инфоцыган" блогерлердің құрбаны болғанын айтты. Айтуынша, ерлі-зайыпты блогерлер енді Қытаймен бизнесті дамытатынын хабарлап, курс сатуға кірісіп кетіпті. 

"Осы жылдың басында блогер жұп Wildberries бойынша сауда курсын жариялаған. Курс легінде 25 адам болған. Курсқа 1 миллион теңге, ал 500 мың теңгені тауар сатып алу үшін төлеген. Олар нөлден бастап кабинет жүргізуді немесе сатуды уәде еткен. Нәтижесінде, бір айдан кейін блогерлер қызметкері алдап кеткенін айтқан. Айтуларынша, курсқа қатысушылардың Kaspi-ге тауар сатып алу үшін жіберген ақшасын алдап, алып кеткен. Блогерлер жәбірленушілерге ақшаны жартылай қайтарған. Қаржысын толықтай ала алмаған олар полицияға арыз жазған. Астанадан тергеуші келіп, бірнеше рет куәлік берген. Дегенмен қайтадан іс тоқтап қалыпты", – дейді желі қолданушысы. 

@indii_gandiii

Здравствуйте Индира. Мы пострадавшие от блогеров инфоциган. В начале этого года эта пара анонсировала курс по торговле на Вайлдберриз. В потоке нас было 25 человек. Курс стоил 1 млн тенге + на закуп товара от 500 тыс. Обещали ведение кабинета с нуля или продаж. Закуп товара .полное сопровождение. По итогу , через месяц они сказали, что один из их сотрудников ( за которого они ручались и которому мы ( ученики) отправляли деньги на Каспий для закупа товара ) всех кинул. Ну это версия блогеров. В общем, частично деньги вернули, но в остальном тишина. Мы писали заявления в полицию, приезжал следователь из Астаны. Неоднократно давали показания. И тишина.

♬ оригинальный звук - Indira Gandi❤️

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz курсты сатқан блогер Ербақыт Кішкентаевтан мән-жайды сұрап білді. Оның сөзінше, жары екеуін тауарды жеткізіп беремін деп уәде еткен Нұрахан Исаев есімді азамат алдап кетіпті. 

“Әйелім екеуміз Wildberries курсын сатумен айналысып жүрдік. Ал бұл жағдай 2024 жылдың сәуір айында болды. Біз Нұраған Исаев есімді адамды кездестіріп, ол жүкті жеткізіп беруі керек еді. Алайда ол соңында бар ақшаны алып, жоғалып кетті. Прокуратураға, Астана мен Қостанай полициясына арыз жаздым. Әзірге нәтиже жоқ. Бірақ оның прокуратура мен полицияға ақша аударғанын білдім. Қазір осы мәселе бойынша прокуратурадамын”, – дейді Кішкентаев. 

Сондай-ақ ол курс қатысушыларына ақшасын қайтарып беруге уәде еткенін жеткізді. 

“TikTok-қа біз туралы видео жариялаған Индирамен сөйлестім. Өзімнің кінәлі екенімді айтып, түсіндірдім. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру процестері жүріп жатыр. Бізді алдаған адам телефон нөмірімді бұғаттап тастаған. Исаевқа курс алушылардың бірі 500 мың, енді 1 миллион теңгеден берді. Сосын Исаевтың ешқандай тауар алмағанын білдім. Оны курс алушыларға хабарладым. Ал олар маған ақшаны қайтар дейді. Бір аптаның ішінде оларға ақшаны қайтарып беремін деп уәде еттім”, – дейді ол. 

Аталған жағдайдың ақ-қарасын білу үшін Stan.kz тілшісі Астана қаласы полиция департаментіне сауал жолдап көрді. Алайда әзірге жауап бермеді. 

Талқылау