"25 градус аяз бен қарлы боран": Алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытады
Қазгидромет Қазақстан бойынша 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: svao.mos.ru
Қазгидромет мәліметінше, түнде ауа температурасы төмендеп, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын болады.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы екі атмосфералық процесс арқылы анықталады.
Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарын антициклон қамтиды. Циклон республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына және шығысына әсер етеді. Бұл жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға, көктайғақтардың пайда болуына әкеледі. Ал елдің шығысында бұрқасын болады. Кейбір аудандарда тұман түсіп, көру мүмкіндігін азайтады.
Түнгі уақытта Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының төмендейді.
Температуралық фон:
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 10-15 градус жылы.
Оңтүстік-батысында ауа температурасы түнде 0-8 градус жылы, күндіз 8-15 градус жылы болады.
Солтүстік-батыста негізгі температуралық фон түнде 1-12 градус аяз, күндіз 3-12 градус жылы.
Солтүстікте ауа температурасы түнде 7-15 градус аяздан 3-11 градус аязға дейін, күндіз 3-5 градус аяздан 3-12 градусқа дейін көтеріледі.
Республика орталығында ауа температурасы 2-17 градус аяздан 0-10 градус аязға дейін, күндіз 5-7 градус аяздан 4-12 градусқа дейін жоғарылайды.
Шығыста түнде ауа температурасы 10-18 аяздан 13-25 аязға дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы 0-15 градус аяздан – 10 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік облыстарда түнде ауа температурасы -5 градустан -11 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз ауа температурасының негізгі фоны -1 градустан -13 градусқа дейін аяз болады.