Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы қазақстандық қыз халықаралық сұлулық байқауына қатысып жатыр

24 жастағы Азиза Тоқашева Халықаралық Miss Intercontinental сұлулық байқауына қатысып жатыр. Байқау Филиппинде өтуде, деп жазады Қазақпарат.

Азиза Тоқашева мамандығы бойынша экономист. Қазіргі уақытта модель әрі блогер қызметін атқарады.

“Кішкентай қалашықта туып, үлкен арманға жеткім келді. Бала күнімнен балетке қатыстым. Бұл ауыр жұмыстың қандай екенін ұғындырды. Отбасым барлық жағдайда мені қолдайды”, – дейді Азиза.

Бойжеткен одан бөлек теннис, йогамен айналысады, кітап оқиды.

“Әлеуметтік жұмыспен айналысып, балалар үйіне барғанды жақсы көрем. Осындай байқауға қатысу менің үлкен жетістігімнің бірі деп есептеймін. Ертегіге сенетінмін. Әлі де көп армандайдмын. Осы байқаудың жеңімпазы болғым келеді. Егер қыздың батылдығы көп болса, бәріне де жетпей қоймайды”, – дейді бойжеткен.

Биыл Miss Intercontinental байқауы алғаш рет Манила қаласында өтіп жатыр. Жеңімпаз арудың тәжі Oriental Holy Water деп аталады. 361 446 долларға тең. Байқау қаңтар айының басында басталды. 80 елден келген 50 қатысушы өтті. Ақтық мәре 26 қаңтарда өтеді. 1971 жылы бастау алған байқау Арубада басталды. 1998 жылы байқаудың ерлер арасындағы түрі ұйымдастырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр