Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы келіншек 5 егізді босанды

Қытайда ер адам 100 баланың әкесі атанды

Фото: ЖИ

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын 24 жастағы қытайлық әйел бес егізді дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйел бір күнде бір ұл және төрт қыздың анасы атанды. "People's Daily" газетінің мәліметі бойынша, табиғи жолмен бес егізді дүниеге әкелу мүмкіндігі 60 миллионнан бірге тең.


Егіз ағайынды мен егіз апалы-сіңлінің үйлену тойы желіні жарды. Екі жақта да бір-бір жұптан егіз ағалары бар


Сәбилер жүктіліктің 28 аптасында дүниеге келді. Біріншісі – 990 грамм салмақтағы ұл, одан кейін 1020 грамм, 970 грамм, 1030 грамм және 870 грамм салмақтағы қыздар дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелер Апгар шкаласы бойынша 10 балдан 6 балл алды, денсаулығы қанағаттанарлық деп саналады.

Бес егіз қазір неонаталдық бөлімдегі дәрігерлердің бақылауында. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 28 Ақпан, 2026 12:43