Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"24 сәуір – халықаралық зорлық-зомбылық күні": Ішкі істер министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір – "халықаралық зорлық-зомбылық күні" деген ақпарат тарап жатыр. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл күні ерлердің әйелдерге шабуылдауына болады. Сол үшін әйелдердің үйде отыруына кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

скрин зорлык

Фото: Видеодан скрин

Ішкі істер министрлігі желіде ағылшын тілінде тараған жазбаның фейк екенін хабарлады. 

Қазір Қазақстан аумағында "24 сәуір" туралы ақпарат таратқан екі TikTok аккаунтының иесі анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.



Полиция қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Оның санкциясы бойынша 5 мың АЕК немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде сумен қасқыр және жабайы шошқалар ағып келді деп жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылған еді. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-бабы, 2-3- бөлігі (Жалған ақпарат орналастыру, тарату) бойынша оларға 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынды. 

Талқылау