Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

24 мамырдан бастап кез келген қазақстандық азамат үй кезегіне тұра алады

Фото: Pixabay.com

Елде баспанасыз жүрген мыңдаған адам үйлі болуы мүмкін. Өйткені пәтер тек санаулы санаттағы азаматтарға емес, кез келген қазақстандыққа қолжетімді болмақ.

24 мамырдан бастап 18 жастан асқан кез келген азамат үй кезегінде тұруға өтініш бере алады.

Бір айдан кейін баспана алуға қатысты жаңа ереже күшіне енеді. Бұған дейін тек алты түрлі санат бойынша кезекке тұратын. Жақында бұл шектеу жойылады.

Жаңа талап бойынша соңғы бес жылда атыңызда үй болмауы керек. Тұрып жатқан баспанаңыз апатты жағдайда болса да, өтініш бере аласыз. Мамандығыңыз, әлеуметтік мәртебеңіз бен жұмыс орныңыз маңызды емес. Ең бастысы үйге шынымен мұқтаж екеніңізді дәлелдеу керек. Бұл үшін арнайы сайт іске қосылды

“Азаматтар kezekte.kz сайтына тіркелген жөн. Ол үшін сайтқа кіріп, аты-жөнін, ЖСН нөмірін жазады. Сол арқылы өзінің қай кезекте тұрғанын тексеріп алған дұрыс. Егер ол өзінің аты-жөнін сайттан таппаса,  тұрғылықты тұрып жатқан жеріндегі әкімдіктерге барып, сол жерден нақты тексеріп алуға мүмкіндігі бар”, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің баспасөз хатшысы Жанерке Сағымжан. 

Өтініш қабылдау, құжат тексеру, кезекке қою және пәтер бөлу бір орталық арқылы жүргізіледі. Мұны Отбасы банк істейді. Алдағы жарты жылда қаржы ұйымы өңірлердегі кезек тізімін қайта қарап, шын мұқтаждарды анықтайды.

Бұл кезек басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кедергі келтірмейді. Яғни азаматтар бір уақытта бірнеше мүмкіндікті қатар пайдалана алады.

Еске салсақ, "Алматы жастары" бағдарламасының қорытындысы белгілі болған еді. 

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 08:22
Талқылау