24 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі
Қазақстанда жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: niva-kurtamysh.com
Телерадио хабарларын таратуды үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету мақсатында оператор спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізетіні атап өтілген.
"Осыған байланысты 24 қаңтарда сағат 03:00-17:00 (Астана уақыты бойынша) аралығында телерадио хабарларын таратуды тоқтатумен профилактикалық жұмыс жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша ыңғайсыздық орын алғаны үшін кешірім сұраймыз.", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, соңғы рет Қазақстан бойынша профилактикалық жұмыс үшін теледидар мен радио 2023 жылдың 23 желтоқсанында өшірілген болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”