23 жастағы бойжеткен омырауының “жоқтығынан” қысылатынын айтып қынжылды
Қазақстандық бойжектен омырауының кішкене көлемінен қысылатынын айтып, қыз-келіншектерден ақыл-кеңес сұрады.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Қазір жасым жиырма үште. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келгенмін. Өзім студентпін. Тұрмыс құрмағанмын. Қыз баласы үнемі әдемілікті жаны сүйеді емес пе?! Оның үстінде біз өмір сүріп отырған заманда әдемілік үшін бәрі бар. Бірақ, ота жасатып, пышақтың астына түскім келмейді. Тұрмыс құратын жасым келсе де, төсім өте кішкентай. Мүлдем жоқ десем де болады. Мұндайда не істеуге болады? Әулетімізде мен секілді қиналып жүрген ешкім жоқ. Сол себепті, бұл тұқым қуалаған дүние деп айта алмаймын. Жалпы омырауды табиғи жолмен қалай өсіруге болады? Салмағым орташа. Қатты толып немесе азып кеткен кезім болмаған екен”, – дейді бойжеткен.
Желі қолданушылары өз кезектерінде жарыса кеңестерін бөлісіп жатты. “Тұрмысқа шығып, бала емізген соң көлемі ұлғаяды”, “Жаратылысыңыз солай болғандықтан, мұны кемшілік деп ойламаңыз. Сіз секілді көп адам көрдім”, “Негізі арнайы май барын естіп едім өсіретін”, “Үлкен омырауды қайтейін деп едің? Мен керісінше кішірейте алмай жүрмін. Әйтпесе, салбырап кеудені ауыртып жібереді”, “Негізі кішкене төс жігіттерді көбірек еліктіреді” деп жазады олар.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Намазхан жігіттің әйелі барша көңілдеске өтініш айтты
Жүрегіне шұғыл донор іздеген келіншек 2 қызы үшін өмір сүргісі келетінін айтып жылады
Көршілерін өрттен құтқарған 3 баланың әкесі жұрттың ыстық ықыласына бөленді