Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 тамыздан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті брондау тоқтатылады

23 тамыздан бастап қазақстандықтар қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарына міндетті брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесі арқылы келушінің мәртебесі тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді кезекке алдын ала жазылмай-ақ ала алады. Сонымен қатар кезекті электронды түрде брондау мүмкіндігі өзгеріссіз қалады. Бұл жағдайда клиент артықшылыққа ие болады, сондықтан ол оператормен тез арада байланыса алады. Біз келушілер ағыны көбейетінін түсінеміз, сондықтан сіздерден санитарлық қауіпсіздік шараларын ұмытпауыңызды сұраймыз. Бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, дезинфекциялау құралдарын қолданыңыздар", – деді азаматтарға арналған үкімет алқасының төрағасы Әділ Қожихов.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы талон беру жүйесін Ashyq-пен біріктірді. Бұл халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке талон беру кезінде клиенттің мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.

Клиенттің ЖСН терминалда терілгенде, ақпарат Ashyq жүйесіндегі мәліметтермен салыстырылады, қауіпті жағдай анықталған кезде, бағдарламада талонды басып шығарудан бас тартады.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 19 Тамыз, 2021 18:21
Талқылау