Анасын тербетіп, жылы сөздерін аямаған Қайрат Нұртастың інісі жұртты сүйсіндірді (видео)
Шетелде демалып жатқан продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Аянның өзін тербетіп тұрған видеосын жариялады. Анасын тербетіп тұрып жылы сөздерін аямаған ұлы жұртты сүйсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Таиландта отбасымен демалып жатқан Гүлзира Айдарбекова саяхат кезінде түсірілген суреттері мен видеоларын жиі жариялап тұрады. Сондай видеолардың бірінде анасын тербетіп тұрған ұлы Аян Нұртастың әрекеті жұртты сүйсіндірді.
«Түн ұйқыңызды бөліп, мені тербетіп едіңіз ғой. Енді мен де тербетейін», – дейді Аян видеода.
Ал Айдарбекованың өзі жылы сөзін аямаған баласының әрекетін көпке үлгісі қылғысы келгенін айтты.
«Осындай жылы сөз айтып тұрған баладан қалай айналмайын! Отбасылық шуақты күндеріңіз көп болсын! Негізі әкесіне жіберу үшін, баламның тербетіп тұрғанын түсіріп едім. Сөзі құлағыма жағып, басқа балалар да анасына деген үлкен құрмет жасау жөнінде ойланар деген оймен жолдап отырмын», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Өз кезегінде желі қолданушылары анасынан құрметін аямаған Аянның әрекетіне тәнті болды. «Балаларыңызға жақсы тәрбие бердіңіз. Енді рахатын көріңіз. Сіз бақытты болуға лайықсыз», «Керемет! Кейбір балалар көріп, үлгі алса екен», «Сіз түн ұйқыңызды төрт бөліп тал бесікте тербеткен балаларыңыз енді сізді бақыттың бесігінде тербетсін. Сіз лайықсыз перзенттеріңіздің барлық құрметіне», – деп жазды желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртастың әкесі: Құдай маған екі келінімді өз балаларымнан артық етіп берген
Ерсі әрекеті үшін халқынан кешірім сұраған Төреғали «Қатемді кешіріңдер» деп ән арнады (видео)
Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды
Ермек Тұрсынов Қазақстан Кинематографияшылар одағының басшылығына тағайындалды