Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шетелдік фотографқа Көк базарды суретке түсіруге тыйым салды

Алматыда National Geographic фотографына Көк базар аумағын суретке түсіруге тыйым салды. Бұл туралы шетелдік фотографтың жанында жүрген қазақстандық қыз желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Базарда жүргенімде күзетші мені тоқтатты. Қасына көмектесуге 2 күзетшіні және рация арқылы бастығын шақырып алды. Суретке түсірсем, қолымдағы телефонды тартып алды. Бұл мәселені шешер едім, бірақ мен жоғары дәрежелі қонақпен бірге болдым, олардың құқығы жоқ еді. Абырой болғанда Майя Акишева өтіп бара жатты. Ол ашулы күзетшіні алып кетті. Мен қатты ұялдым. Шетелдіктер не болды деп сұрады. Мен азық-түлікті суретке түсіруге болмайды, деп жауап бердім. Мен неге екенін түсіндіре алмадым… Кейін енді ешкім келмейді десем де олар сөмекелерінен фотоаппарат шығаруға қорқып жүрді», – деп жазды Қарлығаш Мақатова.

Қыздың айтуынша, күзетшілер фотографтың жұмысын орындауға кедергі келтірді.

«Мен National Geographic фотографын ертіп жүрдім. Біз былай келісіп алдық: егер жанымызға күзетші келсе, ол маған камераны береді, мен оны сөмекеме жасырып қоямын. Ол репортаж жасады. Базарда жүргенімізде жанымызға рация ұстаған аға келді. Ол ашулы түрімен камераны сындыруға дейін барды. Фотограф түсірілімді аяқтап: «Карла кеттік мына жердін», деді. Мен керемет суреттер болғанын қалап едім», – дейді Мақатова.

Айта кетейік, алматылық фотограф Максим Золотухин террорлық қауіпсіздік ретінде Көктөбеде суретке түсірткізбей қойған еді.

Тағы оқыңыз:

Сот алдында жауап беріп жатқан Тоқмәдидің қызы құндыз ішігін сатуға қойды

Бәкеден келдім: Астанада алаяқтар әкім атын пайдаланып, мейрамханада тегін тамақтанып келген

Сүйген қызын алып қашқан қазақстандық жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды

Талқылау