"22 жасымда мінген үшінші көлігім": Дина Төреәлі туған күніне келген ең қымбат сыйлықты көрсетті
Танымал блогер Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі сіңлісіне көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Желі жұлдызы тосынсыйын көрсету үшін арнайы ата-анасын да алдырған.
“Алла қалауымен сіңліме тосынсый жасадым! Сені шын жүректен жақсы көремін. Әпкелік қамқорлығымды қабыл ал. Аллахым тек жақсы күндерді нәсіп етсін. Ата-анамыз да осы қуанышқа тап бола қалғандарына шүкір етеді. Бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз арта берсін. Туған күніңмен, жаным сіңлім!", — деп жазды Фариза Төреәлі.
-
"Құны – 3 миллион теңге": Фариза Төреәлі анасы мен енесіне алған сыйлығын көрсетті
-
"Осында тұрғымыз келді": Фариза Төреәлі бір жастағы қызының пәтерін көрсетті
Туған күн иесі Дина Төреәлі де жеке парақшасына жазба жариялап, әпкесіне алғыс білдірді.
“22 жасым үлкен тосынсыймен басталды. Бұл – менің мінген үшінші көлігім. Алғашқысын 16 жасымда ата-анам салоннан сыйлаған еді. 18 жасымда ағам аппақ үлкен көлігін сыйлады. Тұрмыс құрғаннан кейін 2 жыл өз қалауымды кейінге қалдырып, осы бір үлкен арманымды іште сақтағанмын. Соңғы бір айда Алладан күнде дұға етіп, өз адал еңбегіммен нәсіп етші деп тұрып қалауымды сұраған едім. Тіпті дәл осы сыйға алған көлікті 10 күн бұрын Lexus центрге барып, ішін ашып отырып тұрып қатты қалағанмын”, – деп қуанышын жасыра алмады желі жұлдызы.