Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

22 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Фото: Ольга СУПОНЕВА

22 мамырда "Орт-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде барлық өңірде дабыл жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаттығулар 22-23 мамыр аралығында өтеді. Үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Павлодар облысында орналасқан.

"Іс-шара аумақтық азаматтық қорғаныс кіші жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының табиғи өрттер кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр", – делінген хабарламада. 



22 мамырда сағат 9:00-де дабыл жүйесінің дайындығы тексеріледі. Барлық өңірде электр сиреналары естіледі. Ведомство тұрғындардан үрейленбеуді сұрайды.

Сондай-ақ Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары шекара маңындағы аймақтардағы табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-шараларды өткізуге пайдаланылады.

Айта кетейік, бұған дейін 30 сәуірде Алматыда дабыл жүйесі іске қосылған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 21 Мамыр, 2025 11:12
Талқылау