Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21:00-ден кейін үйден шықпау керек: Ақмола облысында жаңа шектеулер енгізілді

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина аймақта шектеу карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа құжатқа сәйкес барлық тұрғындарға, әсіресе 65-тен асқандарға, 21.00-ден 06.00-ге дейін үйлерінен шықпауға кеңес берілді. Азық-түлік, маңызды тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу, төтенше жағдайда медициналық мекемелерге баруға ғана болады. 

Санитарлық бекеттрден өтуге, қала ішінде және сыртында жүріп-тұруға тек белгілі бір адамдар тобына рұқсат етіледі. Олар: 

- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және кіретін адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
- ауысым жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;
- Коронавирус таралуының алдын алу шараларына қатысатын көлік пен адамдар;
- тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар;
- тамақ өнімдерін және ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді

Естеріңізге сала кетейік, 26 қарашада облыстың бас дәрігері шешім қабылдады: Көкшетауда (Красный Яр ауылы, Чайкино ауылы, Станционный ауылы) және Степногорскіде 21.00-ден 6.00-ге дейін қозғалысты шектеу туралы. Аймақтың қалған елді мекендері үшін қозғалысқа шектеулер 23.00-ден 6.00-ге дейін күшінде болады.

Талқылау