21 жастағы қазақ баласы WBC чемпионы атанды
Қазақстандық боксер Ескендір Харсен WBC чемпионы атанды. Бұл кәсіби мансабындағы бесінші төбелесін өткізді.
Ескендірдің қарсыласы америкалық Хорхе Рамос. Жекпе жек 8 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен жекпе жекте Ескендір Харсен жеңіске жетті, деп жазады Sports.kz.
Бұл Ескендірдің бесінші жеңісі. Ол екінші жеңіл салмақта WBC Intercontinental “жастар” титулын қанжығасына байлады.
Бұл Харсеннің кәсіби рингтегі екінші белбеуі. Қыркүйек айында спортшы WBB белбеуін ұтқан еді. 21 жастағы Ескендір кәсіби мансабын 2017 жылдың шілде айында бастады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”