21 жасқа толмаған Қазақстандықтар Шарм-эль-Шейхке ата-анасыз бара алмайды

Фото: depositphotos.com
21 жасқа толмаған Қазақстандықтар Шарм-эль-Шейхке ата-анасыз бара алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шектеу 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
“2025 жылғы 1 қазаннан бастап 21 жасқа толмаған жолаушыларға ата-анасының немесе жақын туысынсыз Шарм-эль-Шейхке саяхат жасауға тыйым салынады”, – деп хабарлады Fly Arystan.
Егер сапар атасы, әжесі немесе 21 жастан асқан ағасы/әпкесімен бірге жасалса, нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі (орыс тілінде қабылданады). Сонымен қатар өзімен бірге паспорт пен туу туралы куәлік болуы міндетті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген