Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 21 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, тек оңтүстік-шығыста сейсенбі жауын-шашынсыз өтеді.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады. Атап айтқанда, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, түнде және таңертең тұман болжанады.

Павлодар облысында 15-20 м/с артқан желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с жетуі ықтимал. Ақмола облысының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Алматы облысында, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан, түнде, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Жіберіп алмаңыз:

Әйел бет тазарту процедурасынан кейін көз жұмды

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

Ақтөбеде зорлаушыдан қашқан 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Талқылау