Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

21 баланың анасы

Ұлыбританиялық 21 баланың анасы Сью Рэдфорд жазғы демалыстың қиындығы туралы айтып берді. Ол үйді күніне үш сағат тазалауға мәжбүр болады екен. Ал тамаққа аптасына 350 фунт қаражат кетеді дейді ол. Көп балалы ананың айтуынша, демалыс күндері алатын заттар саны көбейеді. 

Қазіргі таңда үлкен отбасы Моркемб қаласындағы жекежайда тұрады. 44 жастағы ана көп балалы болғаны үшін ешқандай жеңілдік алмайтынын айтады. Қазіргі таңда отбасының жеке наубайханасы бар екен.

Сьюдің түсіндіруінше, оның 15 баласы қазір мектеп жасында, сондықтан бәрін бақылау оңай емес.

Отбасылық демалыстарымыз әсери іс-әрекеттер сияқты өтеді деп қалжыңдайды ол. Жаңа оқу жылы басталмай тұрып, отбасы Нидерландыға бармақ. Олар бұл саяхаты үшін жеті чемоданды өздерімен бірге алып кетуі керек екен.

Олардың үлкен ұлы Крис 30 жаста, одан кейінгі қызы 25 жаста. Олар қазір бөлек тұрады. Ал Сюдің ең кіші қызы сегіз айлық Бонни. Аналарына кішкентай сіңілілеріне қарауға басқа балалары  көмектеседі екен.

Талқылау