21 адам кабинада қалып қойған: Шымбұлақта аспалы жол тоқтап қалды

Шымбұлақта аспалы жолдың тоқтап қалуына байланысты 120-дан астам адам кабина ішінде және Талғар асуында қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті аспалы жолда және асуда қалып қойған азаматтардың барлығы құтқарылғанын мәлімдеді.
“Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы тоқтап қалды. Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықпен түсірді, Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялады”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ.
Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді