Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2028 жылы түрмеге отырады": Трампқа бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі сайлауда Демократиялық партиядан үміткер жеңіске жеткен жағдайда түрмеге жабылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: rutgers.edu

Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі Стив Бэннонның пікірінше, республикашылдар  қарашадағы сайлау нәтижесіне жеңіске жеткенімен, партия соғыс жағдайында тұр. Бэннон 2028 жылы демократтар жеңіске жетсе, Трамп түрмеге жабылуы мүмкін деп санайды.

“Демократтар президент Трампты тоқтату үшін ештеңе жасамайды. Оған импичмент жариялау үшін кез келген әдісті қолданады деп сенсек, өзімізді алдағанымыз", – деді Бэннон.



Ол Трамптың қандай айыптар бойынша түрмеге жабылуы мүмкін екенін нақтыламады. Бірақ демократтар келесі жылы Өкілдер палатасын қайта алатын болса, Трампты қызметінен кетіруге тырысатынын ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Трамп ұйымының активтерін бағалау кезіндегі алаяқтық жасады деп азаматтық іс бойынша айыптаған еді. 

Еске салайық,  Дональд Трампқа 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жоймақ болғаны үшін ресми түрде айып тағылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау